Биыл 5 наурыздан бастап Әзербайжан рейстері азайтылды, яғни 7 рейстің орнына 1 рейске дейін тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте белгілі болды.
Маңғыстау облысына короновирус (2019-nCov) инфекциясына зертханалық тексеру жүргізуге тест система алынып, тексеру жұмыстары Ұлттық сараптау орталығының вирусология зертханасында жүргізілуде.
Бүгінгі күнге дейін, яғни 6 наурызға дейін облыста 23 адам медициналық бақылауда болса, оның 15-і Иран елінің азаматтары, 8-і - Қазақстан азаматы.
4 науқас «Жедел респираторлы вирусты жұқпа» диагнозымен ауруханаға жатқызылды – оның 3-еуі Маңғыстау облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде, 1-еуі Жаңаөзен қаласының көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы диспансерге (провизорлық стационар) – 19 адам жатқызылып, медициналық бақылауға алынды. Олардың 6-уы Қазақстан азаматтары болса, 13-і - Иран елінің азаматтары.