Ақтөбеде Қажымұқан атындағы стадионның кассалары алдында 30 мыңға жуық адам билеттің кезегіне тұрды. Мұнда Еуропа лигасының бірінші финалдық раундында жергілікті «Ақтөбе» мен Киевтің «Динамосы» кездеседі. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Стадион жанындағы билет кезегі ол сатылудан әлдеқайда бұрын басталды. Бірқатар жанкүйерлер тіпті осы үшін күні бұрын касса алдында қонып шығыпты.
Еске сала кетейік, Ақтөбенің орталық стадионында 22 тамыз күні кешке жоғарыда аталған екі команда ұшырасады. Ойын Астана уақытымен 19.00 сағатта басталады. Кездесу «KazSport» және «Қазақстан» телеарналары арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.
Дамир Қожамқұл.