• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Әлемдегі ең семіз адамға ота жасалды

343 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясында әлемдегі ең семіз адамды арықтату үшін ота жасалды. Дәрігерлер салмағы 610 кило болатын Халед Мохсен әл-Шаеридің 80 килодай майын сылып тастады.

Небәрі 20 жасар жігіт артық салмақтың кесірінен өздігінен қозғала алмай қалған. Сауд Арабиясының королі оны ауруханаға жеткізу үшін арнайы ұшақ бөліп, Азаматтық қорғаныс күштеріне көмек көрсетуге тапсырма берген. Алайда, Халедтің есікке сыймауы себепті үйдің жартысын бұзуға тура келді. Сосын оны кранмен көтеріп сыртқа шығарды да, тапсырыспен жасалған керуетке салып Эр-Риядтағы ауруханаға жеткізеді.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Халед Мохсен әл-Шаеридің семіздігі фаст-фудпен емес, денсаулығының нашарлауымен тікелей байланысты. Дегенмен, дәрігерлер оған дер кезінде ота жасап үлгерді.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар