Қызылордада Әзербайжанның «АзерКорпу» компаниясының жұмысшылары асханада бір бөлке нанды бөлісе алмай, жергілікті жұмысшылармен төбелесіп қалды. Бұл компания аталған өңірде 2011 жылдан бері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысын салуда.

Асханадағы төбелес туралы алғашқы ақпарат облыстық ішкі істер департаментіне түскен. Куәгерлердің айтулары бойынша, 2 жергілікті жұмысшы 3 әзербайжандық жұмысшымен сөзге келіп қалған. Ертеңіне шетелдік жұмысшылардың басым бөлігі жұмысқа шығудан бас тартады. Содан кейін таяқ, темір, таспен қаруланған 15 белгісіз азамат аталған компания автокөлігінің әйнектерін сындырады. «Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Әрі қарай іс сотқа жіберіліп, шешім қабылданатын болады», – дейді Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Қалдыбек Абдуллаев.
Данияр ТҮЙМЕБАЙ.