Қостанайда осындай оқиға болды. Бұл қылмыстық іс сот алдына келді. Олардың арасында полицияның ұсақ қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар облыстық ішкі істер департаментінің белді адамдары да бар.
Қостанайда осындай оқиға болды. Бұл қылмыстық іс сот алдына келді. Олардың арасында полицияның ұсақ қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар облыстық ішкі істер департаментінің белді адамдары да бар.
Мұндай масқараны Ішкі істер министрлігі бұрын-соңды бастан кешкен емес. 13 адамнан құралған бұл ұйымдасқан қылмыстық топ Қостанай облысында есірткі заттарын таратумен айналысып келген. Погон таққан «құбыжықтарды» Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Алдымен торға Резида Асылбаева, Алевтина Петренко және Надежда Киселева есімді әйелдер түсті. Содан соң шеңбер ширатылып сала берді. Кейін анықталғандай, аймаққа әкелінетін барлық есірткі тасымалында полицейлердің қатысуы бар болып шықты. Тіпті, бұларсыз бұл жасырын сауда жүрмейді екен. Құқық қорғаушылардың бірі осы істе қалқан болса, екіншісі, көзін жұма қараған, ал үшіншісі, есірткіні тікелей айналымға жіберумен айналысқан.
Тергеу қорытындысында 34 қылмыстық іс қозғалып, ол бойынша 37 адам күдікті ретінде аталды. Бұлардың 13-і полиция қызметкерлері екен.
Осы атышулы іс күні кеше сотқа өткізілді. Дүрбелеңі күшті осы мәселені облыстық соттың төрағасы Асылбек Жұмағұловтың өзі қарайтын болыпты. Енді таяу күндерде соттың бірінші тыңдауы өткізіледі.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.