2013 жылғы 10 шілде, Астана, Үкімет Үйі
Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы №713 қаулысымен бекітілген
Электр энергиясын пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер1. Осы Электр энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар: 1) баланстық тиесілік – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі электр желісінің учаскесі;2) баланстық тиесілік шекарасы – оның баланстық тиесілігіне сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасындағы электр желісінің бөліну нүктесі (сызығы);3) тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы тараптардың пайданалу жауапкершілігін айқындайтын электр желісінің бөліну нүктесі (сызығы);4) электрмен жабдықтау шарты – оған сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға қосылған электр желісі арқылы энергия беруге міндеттенетін, ал тұтынушы қабылданған электр энергиясын төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартпен көзделген режимін сақтауға, оның қарамағындағы электрлік желілерді пайдалану қауіпсіздігі мен олар пайдаланатын аспаптар мен электр энергиясын тұтынумен байланысты жабдықтардың дұрыстығын қамтамасыз етуге міндеттенетін келісім;5) шарттық қуат – тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келісілген бір сағат ішінде пайдаланатын электр энергиясының орташа мөлшері;6) төлем құжаты – оның негізінде тұтынушы төлем жүргізетін құжат (есеп, хабарландыру, түбіртек, есеп-ескерту);7) пломбалау – электр техникалық жабдығына рұқсатсыз түсуіне бөгет жасайтын және егер де осындай құрылғыны рұқсатсыз ашу болған жағдайда араласу фактісін көзбен шолуға мүмкіндік беретін бір рет қолданылатын механикалық құрал қондырғысы;8) тұтынушы – шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;9) коммерциялық есепке алу аспабы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен колдануға рұқсат етілген электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;10) коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау – коммерциялық есепке алу аспабын қосу схемасын тексеру және пломбалау;11) электр энергиясын қабылдағыш (электр қабылдағыш) – электр энергиясын энергияның басқа түріне өзгертуге арналған аппарат, агрегат, механизм;12) тұтынушының электр қондырғыларының қосылған қуаты – электр желісіне қосылған тұтынушының электр қабылдағыштарының жалпы қуаты;13) коммерциялық есепке алу схемасын тексеру – корпустың пломбаларының, бекітпелерінің, опырылып қалуларының және өлшеу аспаптарын пайдаланумен коммерциялық есепке алу аспаптарын қосу схемасын көзбен шолып қарау;14) есептік кезең – тұтынылған электр энергиясы есепке алынуы және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылуға тиіс электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;15) қосалқы тұтынушы – тұтынушының электр желілеріне тікелей қосылған тұтынушы;16) электр энергиясы нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергия жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясының орталықтандырылған сауда операторы;17) коммерциялық есепке алу аспабының қосылу схемасы – берілген және тұтынылған электр энергиясын оларға есеп айырысулар үшін есепке алуды қамтамасыз ететін қосылған электр энергиясын есепке алу аспабының электр желісіне белгілі бір электр қосылуы;18) технологиялық бронь – технологиялық процестерді аяқтау үшін тұтынушыға қажетті электр энергиясының қуаты мен көлемі;19) техникалық шарттар – электр желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар;20) қосылу нүктесі – қолданыстағы электр