• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы № 831

333 рет
көрсетілді

2012 жылғы 27 қараша,   Астана қаласы

«Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1153 қаулысына сәйкес бұйырамын:1. Қоса берiлiп отырған «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Министр           А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің2012 жылғы 27 қарашадағы №831 бұйрығымен  бекітілген

«Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер1. Осы «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрi –Рег­ламент) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына, «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрi – Стандарт) сәйкес әзірленген. 2. Осы регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:1) мемлекеттік қызметті алушы – Қазақстан Республикасында тiркелген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және халықаралық ұйымдар;2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрi –ҚФБ) – мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе жүйешелер.3. «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – уәкілетті орган) Стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.5. Мемлекеттік қызмет:1) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабы;2) Стандарт; 3) Қағида негізінде көрсетіледі.6. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің телнұсқасы немесе қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.7. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары8. Мемлекеттiк қызмет:1) егер өтініш беруші жеке тұлға, соның ішіде жеке кәсіпкер болса мемлекеттік қызметті алушының тұратын жерінде;2) өтініш беруші заңды тұлға болса заңды тұлға тіркелген жерінде көрсетіледі. 9. Мемлеке ттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қосып алғанда көрсетіледі.Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.10. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгісі:1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжай бойынша («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);2) ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;3) ХҚКО ғимаратында орналасқан стенділерде;4) call-орталықта 1414 орналастырылған.11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарртың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.12. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.13. Стандартың 16-тармағында көрсетілген жағдайларда темір жол жылжымалы құрамын тіркеу куәлігін берілмейді. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі:1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО-ға өтініш береді;2) ХҚКО қызметкері өтінішті және қажетті құжаттар тізімін қабылдайды; өтінішті тіркейді, жинақтаушы бөлімнің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға курьер арқылы жолдайды.ХҚКО –дан құжаттар пакетін уәкілетті органға жолдау фактісі мемлекеттік қызметті көрсету барысында құжаттар қозғалысын зерттеп отыратын штрихкод сакнері көмегімен бекітіледі;3) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді және бастығы не оның орынбасарларына қарауға береді, сонымен қатар өтініштің оң жақ төменгі бұрышына мемлекеттік тілде келіп түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген тіркеу штамп қойлады;4) уәкілетті орган (оның филиалы) бастығы, не оның орынбасарлары құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) туралы Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің телнұсқасы алу туралы өтінішті қарайды және Темір жол көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына жолдайды; 5) 4 жұмыс күн ішінде темір жол көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы ұсынылған құжаттар тізбесін қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, темір жол жылжымалы құрамын тіркеуді (қайта тіркеуді) келіседі; 6) темір жол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы 3 жұмыс күн ішінде тіркеу журналына тиісті жазу енгізеді, куәлігін рәсімдейді, Темір жол жылжымалы құрамының тізілімінде тіркейді;7) уәкілетті орган (оның филиалы) бастығы, не оның орынбасарлары куәлігіне немесе дәлелді бас тартуына қол қояды және уәкілетті орган кеңсесіне жолдайды;8) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін курьер арқылы ХҚКО-ға жібереді.Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін алған кезде, ХҚКО қабылдаған құжаттарды штрихкод сканері арқылы бекітеді; 9) ХҚКО мемлекеттік қызметті алушыға мемлекетті қызметтің нәтижесін береді.15. ХҚКО-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүргізетін адамдардың ең аз саны бір адамды құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттамасы16. ХҚКО құжаттарды қабылдау ХҚКО қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ атқарылатын қызметі және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;құжаттар берiлген күні (уақыт) мен орны;құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты;мемлекеттік қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкілетті өкілдің тегi, аты, әкесiнiң аты және олармен байланыс телефондарын көрсетумен, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi. 17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер:1) ХҚКО қызметкері;2) ХҚКО жинақтау бөлімшесінің қызметкері;3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері (оның филиалы); 4) уәкілетті орган басшысы, немесе оның орынбасары;5) темір жол көлігінде бақылау бөлімінің бас

Соңғы жаңалықтар