• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2020

Он алты бала тәрбиелеп отыр

234 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының тұрғыны Наталья Красильникова 16 бала тәрбиелеп отыр. 8 наурыз – ха­лық­­аралық әйелдер мерекесі қар­саңында қала әкімі Жақсылық Омар батыр анамен арнайы кездесіп, «Өскемен қаласының Құр­метті азаматы» атағын табыс­тады. 

«Бүкіл өмірін бауыр еті – балаларының бо­лашағына арнаған, отбасын ны­ғайтып, қоғамның адал, сыйлы, еңбекқор мүшелерін тәрбиелеген адам үлкен құрметке лайық» дейді шаһар басшысы.

Орайы келгенде айта кетейік, биылғы наурыз айынан бастап қаладағы көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын от­басылардың балаларына (3213) қоғамдық көлікте тегін жол жүру мүмкіндігі берілген болатын. Осы мақсатта аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес облыстық бюджеттен қар­жы бөлінген-ді.

 

ӨСКЕМЕН