• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Наурыз, 2020

Қырық үш мектепте директор жоқ

900 рет
көрсетілді

Бұл туралы жақында Білім басқар­­ма­сы­ның кеңейтілген алқа оты­ры­сын­­да айтылды.

Облыстық білім басқармасы басшысы Сайрангүл Жұмаділованың сөзіне сенсек, қазір аймақта 43 директордың орнында олардың міндетін атқарушылар отыр. Бұдан бөлек өңірде мұғалімдердің де жетіс­пеу­шілігі байқалады.

«Облыс көлемінде 267 пән мұғалімінің орны бос тұр. Оның ішінде ауыл мектеп­те­ріне 151 маман қажет. Сондай-ақ Өске­мен және Риддер қалаларында, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз, Катонқарағай, Көк­пекті аудан­дарында кадр тапшылығы айтар­лық­тай бай­қалады. Әсіресе ағылшын тілі, орыс тілі және орыс әдебиеті, математика пәні­нің және бастауыш сынып мұғалімдері же­т­і­спей жатыр» дейді басқарма басшысы.

 

Шығыс Қазақстан облысы