Ақтөбе облысында қараусыз қалған кәріз құдығына 3 адам түсіп, қайтыс болды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.
Олар құдықтың ішіне жиналған метан газына уланған. 30 жас шамасындағы апталдай азаматтар Қурайлы ауылының тұрғындары екен. Әлгі құдықтан металл қалдықтарын алып шығуға әрекеттенген. «Ақбұлақ» АҚ иелігіндегі кәріз істен шыққан. Сол жерден металл жинамақшы болған азаматтар газға уланып, қайтыс болды. Мәйіттерді құдық ішінен біздің қызметкерлер алып шықты», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Сыздықов.
Данияр Түймебай.