• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Тамыз, 2013

Оңтүстікте оқытушылар оқу жылы алдындағы міндеттерін белгілеп алды (Фото)

297 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында 2013-2014 оқу жылы қарсаңында «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес ашылуы алдында облыстық білім басқармасының атқарған жұмыстары туралы бейне-ролик көрсетіліп, жиналғандар өткізілген іс-шаралар барысымен таныстырылды. Кеңес облыстық білім басқармасының басшысы Альбина Елшиеваның облыс ұстаздарын жаңа оқу жылымен құттықтаумен басталып, кеңес барысында өткен жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жасалды және жаңа оқу жылында алға қойған міндеттер сараланды.

Кеңеске қала, аудан әкімдерінің білім саласы бойынша орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің меңгерушілері, облыс білім саласындағы бақылау департаменті, облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, «Өрлеу» институтының басшылары, білім саласы қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, барлығы 500-дей адам қатысты.

Мәжілістің күн тәртібі бойынша білім саласы қызметкерлерінің баяндамалары оқылып, жарыссөзге шықты. Келесі кезекте Оңтүстіктің жемісті еңбек еткен ұстаздары, басшылары мен зейнеткер ұстаздарын Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев «ҚР Білім беру ісінің қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің «Құрмет грамоталарымен», Облыстық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Ержан Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен», Облыстық білім басқармасы басшысы Альбина Елшиева Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамоталарымен» марапаттап, арнайы құттықтады. Сондай-ақ, кеңес барысында білім саласында ұзақ жылдар бойына қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан ұстаздарға естелік сыйлықтар тапсырылды.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар