• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Наурыз, 2020

Уақытша жабылған кинотеатр қызметкерлері 42 мың тг жалақы алады

182 рет
көрсетілді

Бұл - ҚР Еңбек туралы кодексіне сәйкес төленетін ең төменгі мөлшер. Бүгін бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді.

 

Айта кетейік, Қазақстанда бүгіннен бастап барлық кинотеатрлар уақытша жұмысын тоқтатты. Оған қоса, мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынды.

«Кинотеатрлардың қызметкерлері туралы айтар болсақ, Еңбек кодексінің 112-бабында мұндай жағдайда біздің жұмыс берушілер еліміздегі ең төмен айлық еңбекақымыз бар. Ол - 42 мың теңге мөлшерінде. Кәсіпкерлер оны жақсы түсінеді. Сонлықтан оны төлейтін болады»,  деді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман  Әбілшайықов.

 

Алматы