• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2020

Павлодар облысында туберкулез дертін жұқтырғандар көбейген

192 рет
көрсетілді

Облыстық Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, департамент мамандары туберкулездің алдын алу мақсатында медициналық мекемелерде жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Қорытындысында №2 Екібастұз қалалық емханасы, Успен аудандық ауруханасы, Железин аудандық ауруханасында рентгенолог дәрігерлер өкпе патологиясын өткізіп алғандығы анықталған.

Өткен жылы өңірде туберкулез дертіне шалдығу көрсеткішінің көбейгені  Ақтоғай, Успен аудандарында, Екібастұз қаласы аумағында байқалған.

Мысалы, облыс  орталығында  6, Екібастұзда 4, Баянауыл, Тереңкөл және Павлодар аудандарында бір-бірден жасөспірімдер туберкулезге шалдыққан. Бұл көрсеткіштер профилактикалық тексеру шараларында, медициналық көмек көрсету кезінде анықталған

Облыс орталығындағы Туберкулезге қарсы балалар санаторийінде 694 жасөспірім тексерілген. Қазіргі уақытта  117 бала емделуде.

Бұған ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуі, жергілікті әкімдіктердің тұрғындар денсаулығын бақылауға алмауы себеп.

Өткен жылы 17 мыңға жуық балаға туберкулезге қарсы екпе салынған. Биыл БЦЖ вакцинасы ата-аналары қарсылық білдірген соң, 161 жаңа туған сәбиге салынбаған.

Тексеріс барысында, мемлекеттік педагогикалық университеті, техноло-гиялық колледж, Ы.Алтынсарин гимназия-интернаты, №30  орта мектебіне мамандар міндетті медициналық тексеруден өтпей, жұмысқа қабылданған.

Сонымен қатар, қызметкерлердің арасында флюорографиядан өтпегендер де анықталған.

Қазіргі уақытта облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 660 адам ашық формамен есепке алынған. Дерттің алдын алу мақсатында өткізілген жұмыстар Павлодар қаласы, Ақтоғай, Железин, Успен, Шарбақты және Павлодар аудандарында өз деңгейінде жүргізілмеген.

Сонымен бірге, туберкулез ауруы босанған әйелдердің арасында да көбейген. Өткен жылы 6 жағдай тіркеліпті.

Бұған науқастардың уақытылы флюоро тексеруден өтпеуі, материалдық-тұрмыстық жағдайдың төмендігі, тұрғылықты мекенжайларын жиі ауыстыруы себеп болуда.

Ал 24 наурыз – Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні. Еліміздің осы індетке қарсы Ұлттық бағдарламасына сай әркім өзін қорғауға міндетті. 

 

Павлодар  облысы