Кеңесте облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған шаралары баяндалып, алдағы жоспарланған мәселелер қаралды.
«Бағдарлама барысында орындалмай тұрған басты басымдық - өңірде дәрігерлердің жетіспеуі. Қазір аурухана, емханаларға 24 жалпы практика дәрігері қажет. Оған қоса, сұранысқа қажет 40 дәрігердің орны бос тұр.
Ал, зейнет жасындағы және биыл зейнет демалысына шыққан дәрігерлердің қызметтен кетуін қосқанда - 142 дәрігер керек.
Былтыр «Дипломмен ауылға!» бағдарламасымен келген 205 жас маман өздеріне пәтер беруді, жеңілдіктер жасалуын күтуде.
Сондықтан аудан-қала әкімдері жас маман дәрігерлерді үймен қамтамасыз ету мәселесін қолға алулары тиіс, - деді Ә.Сқақов.
Енді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен, мемлекеттік грантпен оқыған әр жас маман 3 жыл медициналық ұйымдарда қызмет атқаруға міндеттелді. Сонда ғана жас мамандардың саны артады.
Басқарма басшысының орынбасары Гүлнар Жармакина өңірімізге акушер-генеколог, реаниматологтар, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер қажеттігін айтып, ауылға баратын жас дәрігерлерге 1,5 миллион теңге, қаладағы мамандарға 1 миллион теңге көлемінде көтермеақы беруді ұсынды.
Павлодар облысы