Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Соның ішінде азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру - сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралы, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Осы мақсатта Агенттіктің бастамасымен ай сайын дәстүрлі түрде өтетін «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны Ақтау қаласында 10 наурызында «Antikor ortalygy» ғимараттарында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кеңес беруге құқық қорғау органдарының өкілдері, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және «Арнайы мониторингілік тобының» жетекшілері қатысты.
Құқықтық кеңес алуға келгендер сұрақтарын ортаға салып, тұшымды жауаптар алды.