• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2020

Жамбылдағы тиісті орындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

108 рет
көрсетілді

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қауіптің алдын-алу мақсатында бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы 138 сауда және 11 ойын-сауық орталықтарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек 163 мейрамхана, 301 кафе, 2871 дүкен, 76 монша және 41 базар бар. Бұл туралы  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров аталған мақсатта өткен жиында хабарлады.

«Облыс аумағында ірі сауда нысандарының жұмыс істеуіне сағат 10-нан сағат 18-ге дейін санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте, функцияларды толық орындай отырып шектеу қою. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істеуі тиіс. Сатып алушыларға қолжетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сату тек оралған түрде болуы керек. Киім-кешек базарларының жұмысын сағат 11-ден сағат 17-ге дейін санитарлық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып шектеу қою. Халыққа азық-түліктерді, заттар мен дәрі-дәрмектерді онлайн сатып алуды және жеткізуді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде», деді Нұржан Календеров.

Сонымен қатар ол өңірдегі дәмханалар мен мейрамханалардың қоғамдық тамақтандыру жұмысын сағат 22.00-ге дейін келушілер саны 50 адамнан аспайтын санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, сондай-ақ, қолды тазалауға арналған санитайзерлер орната отырып шектеу қою керектігін айтты. Президент Жарлығында көрермендердің қатысуымен өтетін спорттық іс-шараларды, сондай-ақ, жаппай отбасылық салтанаттар мен естелік салттарды өткізуге тыйым салу туралы нақты айқындалғандықтан, сауда орталықтарында, кинотеатрларда, театрларда, көрмелерде, фитнес-орталықтар мен жаттығу залдарында, түнгі клубтарда, адамдар көп жиналатын басқа да нысандарда ойын-сауық аймақтарының жұмыс істеуіне тыйым салу керектігін айтты. «Сауда – ойын-сауық орталықтарында орналасқан дәріханалар, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер жұмысын жалғастырады және санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып жұмыс істейтін болады. Мектептен тыс қосымша білім беру нысандары жабылады», деді ол.

 

Жамбыл облысы