• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2020

Алматы облысынан қатынап жұмыс істейтіндер карантин кезінде Алматыға кіре алмайды

283 рет
көрсетілді

Алматы облысынан қатынап жұмыс істейтіндер карантин кезінде Алматыға кіргізілмейтін болады. Алматы әкімдігінде өткен брифингте осылай деп мәлімдеген қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев компаниялар өз қызметкерлері үшін қала ішінен тұрғын-жай қарастыруы қажеттігін айтты.

«Алматы облысынан күнде жарты милилионға жуық адам қатынап жұмыс істейді.  Біз әрекет етуге дайынбыз. Қазіргі кезде барлық қонақ үйлер мен хостелдер бос тұр. Сондықтан да карантин кезінде осы жағдайды уақытша пайдалануға болады. Егер мүмкін болған жағдайда еңбек демалысын немесе қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар қазіргі кезде кинотеатрлар, ойын-сауық орталықтары, сауда орындарында істейтіндер бос болғандықтан, оларды азық-түлік дүкендері, дәріхана және басқа да маңызды нысандарға уақытша жұмысқа алуға болады» деп атап өтті С.Тұяқбаев.

С.Тұяқбаев сонымен бірге азық-түлік тасымалдаушылар үшін тосқауылдың болмайтындығын айтты. Өйткені, қаладан немесе қалаға азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын кәсіпкерлер алаңдаулы. Ал қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда арнайы жасақталған штабқа хабарласу қажет.

АЛМАТЫ