• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Наурыз, 2020

Теннис: «Ролан Гаррос» турнирі қыркүйек айына шегерілді

105 рет
көрсетілді

«Үлкен дулыға» санатына енетін ең ірі төрт жарыстың бірі – «Ролан Гаррос» коронавирус індетіне байланысты биыл өз уақытында өтпейтін болды. Жыл сайын мамыр айында Парижде ұйымдастырылатын халықаралық дода биыл қыркүйек айына шегерілді. Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлады.

 

«18 мамырға дейін жағдайдың қандай болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Десе де, қазіргі таңда енгізілген шектеулердің салдарынан біз тыңғылықты дайындық жүргізе алмаймыз. Сол себепті, жарысты өткізу мерзімін кейінге шегеруді жөн санадық. Біз жауапкершілікті сезінеміз және баршамыздың қауіпсіздігіміз үшін бірге жұмыс істеуіміз керек», дейді Франция теннис федерациясының президенті Бернард Джудичелли.

Енді теннистен Франция ашық чемпионаты 20 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жанкүйерлер сатып алған билеттерін қайтаруы немесе күзде өтетін жарыс билетіне ауыстыруларына болады.

Айта кетейік, бұған дейін Кәсіпқой теннис ассоциациясы ATP жарыстарын 20 сәуірге дейін, ал әйелдер теннисі ассоциациясы WTA бәсекелерін 2 мамырға дейін тоқтатқан болатын.