*Ауыл тұрғындарының қазіргі басты мақсаты – астықты дер кезінде жинап алып сақтау. Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шемонайха ауданында шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық құрылымдары жетекшілеріне осындай міндет жүктеді.
*Ауыл тұрғындарының қазіргі басты мақсаты – астықты дер кезінде жинап алып сақтау. Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шемонайха ауданында шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық құрылымдары жетекшілеріне осындай міндет жүктеді.
* 2015 жылы бастауыш сынып оқушылары аптасына бес күн оқу тәртібіне көшеді. Бұл жөнінде кеше Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебек мәлім етті. Осы арқылы 12 жылдық білім беру жүйесі де сөреден шығады.
*Астанада 2800 орындық 12 балабақшаның құрылысы басталды. Ал «Балапан» бағдарламасы шеңберінде биыл 2600 орындық 6 мемлекеттік, 8 жекеменшік балабақша, 2 шағын орталық ашылды.
*Павлодар облысында 33 спорт алаңы салынады. Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Марат Айдашев бұл үшін облыстық бюджеттен 150 млн. теңге көлемінде мақсатты трансферт бөлінгенін айтып отыр.
* Ақтауда өткен «Шын жүректен» акциясының аясында 150 отбасыға көмек көрсетілді. Көмекке мұқтаж адамдардың жартысынан астамы азық-түліктің 12 түрінен құралған қоржындар алып, қалғандары мектепке қажетті сөмкелер, канцелярия өнімдері, альбомдар, дәптерлер секілді бұйымдарға ие болды.
* Қызылорда облысында биыл бірінші сыныпқа баратын егіз балаларға сыйлық тапсыру рәсімі өтті. «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көпбалалы және тұрмыстары төмен отбасыларынан шыққан 40 бүлдіршінге портфельдер мен мектеп жабдықтарын сатып алатын сертификаттар ұсынды.
* Шымкентте жастарға кеңес беру орталығы қатарға қосылды. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының оңтүстіктегі филиалының бастамасымен ашылған мекен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.