• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ

305 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ресми ақпаратқа сүйенсек, кешеге дейін өңірде коронавирус індетін жұқтырған бір де бір адам тіркелмеген.

Бүгінде карантинде 113 адам тәулік бойы бақы­лау­ға алынған. Бұл 1А сана­тын­­дағы елдерден (Иран, Ита­лия) оралған немесе шартты түрде жұқтырғандармен бай­ла­ныста болған азаматтар. Үй карантинінде 39 адам, ме­­ди­циналық бақылаумен өзін-өзі оқшаулауда 284 адам, қа­шық­тық­тан мониторингте 273 адам. Олардың барлығы өздерін жақсы сезінеді, ауру белгілері жоқ.

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы мен өңірдегі ең ірі дәріханалар желісі бар  «Био­сфера» компания­­сы ара­сын­­д­а келісім жасалып, соның нә­тижесінде кәсіпорын облыс тұр­ғын­­дары үшін 300 мың ме­ди­циналық маска сатып алып­­ты. Компания елімізде жасалған бұл өнімдерді үстіне бір тиын да қоспай, әр­қай­­сын 130-140 теңге аралы­ғындағы бағаға са­та­тын болды. Сондай-ақ жер­гілікті «Мерей» компания­­­сы да мас­ка жасап, әлеу­мет­тік дәрі­ха­на­ларды бетпердемен қам­тамасыз етіп жатыр.

Айта кету керек, Қара­ған­ды­да вирусологиялық зерт­ха­­на жұмыс істейді. Егер де біз сөз қылып отырған індет­ке тән қандай да бір белгі анық­та­ла­тын болса, онда ондай науқас коронавирустық тест жүйесінен өткізіледі. Яғни күдік тудырған адамның жұт­қын­шағы мен мұрын қуы­сы­­нан жұғынды алынып, ол зерт­ханада тексеріледі. Ал тексеру қорытындысы күмән тудырарлық болса, онда ана­лиз бірден Нұр-Сұлтан қала­сындағы сараптамалық зерт­ха­наға жіберіледі.

Бас­қарма басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуын­ша, әзірге өңірдегі ем­ха­налар қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Егер өті­ніш­тер көбейетін жағдай туындай қалса, дәрігерлер адам­дарды демалыссыз қа­­был­дауға сақадай сай екен. Стационарларда нау­қас­тар­мен кездесуге уа­қыт­­ша шек­теулер қойылған. Мы­салы, егде адамдарға емха­наларға барудың қажеті жоқ, оларға тиісті дәрі-дәр­мек­тер­ді дәрігерлердің өздері тұр­ғы­лықты жерлеріне жеткізіп бе­реді.

Өңірде дәрі-дәрмек жа­ғы­нан да тапшылық жоқ. Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы алдағы екі айға же­те­тін дәрі-дәрмек сатып алған.

Ірі кә­­сіпорындар қажет бол­ған жағдайда қала сыр­тын­да ор­­наласқан өздері­не тие­­сі­лі шипажайлар мен сауық­тыру орындарын ка­ран­тин ұйым­дас­ты­руға бе­ретін болған.

 

Қарағанды облысы