• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Наурыз, 2020

Қарулы Күштердің биологиялық қорғаныс бөлімдері Алматы мен Астананы дезинфекциялай бастады

89 рет
көрсетілді

Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев мәлімдеді.

«Ел басшылығы біздің азаматтарымыздың денсаулығын сақтау және олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету міндетін қойды. Алдын ала дайындық бізге қажетті күштер мен құралдарды дайындауға мүмкіндік берді. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін Қарулы Күштердің биологиялық қорғаныс бөлімдері арнайы жабдықтардың көмегімен аумақтар мен объектілерді дезинфекциялай бастады»,  деді Т. Дандыбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, әскери медициналық мекемелер азаматтардың денсаулығын қорғауда қажетті көмек көрсетуге дайын. Ол үшін 24 медициналық және мейірбикелік топ құрылып, Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

«Әскерилер ішкі істер органдарымен бірлесіп, елді мекендерді күзетуге және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының карантиндік аймақтарының шекараларындағы өткізу пункттерін нығайтуға қатысады. Біз азаматтардың кез-келген өтініштеріне жауап беруге және қолымыздан келген көмекті көрсетуге дайынбыз. Қарулы Күштер қабылдаған шараларды түсіністікпен қабылдаңыздар», деп түсіндірді Т. Дандыбаев.

Еске салайық, карантиндік режим Нұр-Сұлтан мен Алматыда 19 наурыз сағат 00: 00-ден бастап енгізіледі Бұл шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Сонымен қатар, бүкіл Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды.