• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 19 Наурыз, 2020

БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі инвестициялық табысы 332 миллиард теңгені құрады

146 рет
көрсетілді

«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түсті. Жыл басынан бергі өсім 4% пайызды құрады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі бүгін.

Зейнетақы активтерін әр түрлі валюталардағы сенімді қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық кірістілікті, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеруі тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Зейнетақы активтері құрылымының 32%- дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Олардың басым бөлігі (портфельдің 30%- ға жуық көлемі) - АҚШ долларында.

Қоржынды валюталық әртараптандырудың, инвестициялар географиясы мен қаржы құралдары спектрін кеңейтудің арқасында халықтың зейнетақы жинақтарындағы таза инвестициялық кіріс үлесі тұрақты түрде өсуде.«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың басынан бері таза инвестициялық кіріс 332,34 млрд теңгеден асты (2019 жылдың осы кезеңінде 66,8 млрд теңге). Наурыз айының бірінші жартысында салымшылардың шоттарына аударылған инвестициялық кіріс 192,45 млрд теңгені құрады (2019 жылдың осы кезеңінде 54,74 млрд теңге).