1968 жылдың қарашасының аяғында мені сол кездегі Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Мырзағали Мұхамбетов шақырды. Ол кезде Доссордағы автомобиль, трактор және мұнай жабдықтарын жөндеу мен шығару зауытының бас инженері болып жұмыс істейтінмін. Келесі күні айтылған уақытта мен облыс орталығына келдім де, М.Мұхамбетовтің кабинетіне кірдім. Мәжіліс өткізетін үстелдің басында облыстық партия комитетінің ұйымдық бөлімінің меңгерушісі М.Қ.Тәжин отыр екен. Бұрын жүзбе-жүз кездеспеген адамым, әйтсе де сыртынан жақсы білетінмін, облыстық, аудандық партия және жастар форумдарында сөйлеген сөздерін талай тыңдағанмын. Сол жазда «Прикаспийская коммуна» газетінен М.Қ.Тәжинмен сұхбатты оқыған едім. Тілші оны 35 жасқа толуымен құттықтап, көптеген сұрақтар қойған, қайтарылған жауаптардан оның өмірбаянынан егжей-тегжейлі хабардар болғанмын.

Мұхамбетқазы Қауысұлы Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы №63 разъезде теміржолшының отбасында туған екен. Әкесі Қауыс 1908 жылы туған, 1944 жылы Ұлы Отан соғысы майданында хабарсыз кетіпті, анасы Биғайша 1910 жылы туған, Ақтөбеде тұрады.
1954 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітіріп, тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алады. Қызмет жолын сол институттың марксизм-ленинизм кабинетінің меңгерушісі болып бастаған. Алматы қаласындағы Фрунзе аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, қалалық комсомол комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, Фрунзе аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, республика комсомолы Орталық комитетінің нұсқаушысы, Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы, облыстық газеттің тілшісі, Ақтөбе облыстық партия комитетінің лекторы, насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болған, төрт жылдай Гурьев облыстық партия комитетінде насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болып істеп, 1968 жылдың ақпанында облыстық партия комитетінің ұйымдық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған. Осы баспалдақтардың бәрін ол аз уақыттың аясында жүріп өткен. Ол кез үшін 27 жаста облыстық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болу үшін айрықша қабілет қажет еді.
Сәлемдесуден кейін Мұхамбетқазы Қауысұлы мені әңгімеге шақырудың себебін айтты.
1968 жылдың 25 қарашасында Маңғыстауда жаңадан құрылған Жаңаөзен ауданында партия конференциясы өткізілген болатын. Аудандық партия комитеті жасақталған. Аупарткомның бірінші хатшысы болып Дмитрий Николаевич Клинчев сайланған. Енді аудандық комсомол ұйымын құру керек.
1965 жылғы ақпанда облыс Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. Содан кейін-ақ қазыналы түбекке бүкіл Кеңес Одағынан сан түрлі ұлттардың жастары ағылып келе бастады. Тұрғындардың басым көпшілігі жастар болатын.
– Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлау үшін сенің кандидатураңа тоқтам жасап отырмыз. Не айтасың? – Мұхамбетқазы Қауысұлы маған осылай деді.
Азырақ ойланып барып, мен өзімнің күдік-күмәнімді айта бастадым, комсомолдық жұмыста тәжірибем жоқ, салған беттен аудандық ауқымдағы жастар жетекшісі қызметін алып кету қиын болатын сияқты, дедім.
Ол кісі жымиып күліп қойды да былай деді: Равиль, сен 14 жастан бері комсомолдасың, институтқа дейін 5 жыл зауытта слесарь, цехтық комсомол ұйымының хатшысы болғансың. Мәскеудегі мұнай институтын бітіргеннен кейін міне, 2 жылдан астам уақыт бойы іргелі зауыттағы комсомол ұйымының хатшысысың, облыстық комсомол комитетінің мүшесісің, аудандық комсомол комитетінің штаттан тыс хатшысысың. Саған тағы қандай тәжірибе керек? Оның үстіне екі жылдан а