• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Наурыз, 2020

Қырғызстанда індет жұқтырған тағы 3 адам тіркелді

188 рет
көрсетілді

Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 6-ға жетті. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді.

«Вирус жұқтырғандар кіші қажылықтан келген азаматтар. Олар қазір Ноокат жұқпалы аурулар ауруханасында арнайы бокстарда жатыр. Қазір олармен байланысқа түскен адамдар анықталуда», деді Космосбек Чолпонбаев.

Оның айтуынша, қазір Қырғызстанда індет жұқтырғандардың саны 6-ға жеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда тіркелген алғашқы үш жағдай жайында хабарлаған болатынбыз.

Белгілі болғандай, 12 наурыз күні Сауд Арабиясынан кіші қажылықтан келген азаматтар Джалал-Абад облысы Созақ ауданының тұрғындары. Қазір олар Джалал-Абад облысының жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Сауд Арабиясынан келген рейсте барлығы 144 жолаушы болған. Оның ішінде екі адам Өзбекстанға кетіп қалған. Қалған азаматтар карантинге оқшауланды. Бұдан бөлек жалпы 300-ден астам адам қазір карантинде жатыр.