• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2020

Түлкібас ауданындағы 10 мектепте шағын цех ашылды

462 рет
көрсетілді

Шағын цех ашу білім ұяларындағы еңбек пәні мұғалімдерінің көмегімен медициналық бетперде тігу қолға алынды. Бірнеше рет пайдалануға болатын қорғаныс құралдарын тігу үшін мектептерде 200 тігін машиналары орнатылған.

Мысалы, Асанбай Асқаров атындағы орта мектептің директоры Шәкір Айнақұлов медициналық қорғаныс құралдарын тігуге мұғалімдердің өздері ниет білдіргенін айтады. Шағын 10 цех бір күнде 10 мыңдай бетперде тіге алады. Бұл орайда Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков игі іске қолдау көрсететін демеушілер тартуда. Қайырымдылық шараға кіріскен аудандық мектептердің еңбек пәні мұғалімдері мен техникалық қызметкерлеріне жергілікті тұрғындар мен еріктілер көмекке келді.

Барлық қорғану құралдарын жергілікті аз қамтылған отбасыларға тегін таратып беру көзделген. Бетперделерді тігуге қажетті шикізат жергілікті сауда орындарынан сатып алынған. Сапасы мен талапқа сай болуын арнайы сала мамандары бақылауда ұстайды.

 

Түркістан облысы