• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Наурыз, 2020

ШҚО-да арнайы комиссия тасқын қаупі бар учаскелерді тексерді

167 рет
көрсетілді

Тексерушілер су тасқыны кезінде эвакуациялау үшін адамдарды уақытша орналастыру пункттерін қарап шықты. Көпірлерді, су өткізу құрылыстарын, арықтарды, каналдарды және су бұру сызбаларын тазалау жұмыстарын тексеруге ерекше көңіл бөлінуде. Тексеру жұмыстары Глубокое және Шемонаиха аудандарынан басталды деп хабарлайды ШҚО ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.

Облыс аумағында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуіне қолайлы жағдай жасалуда, соған сай қар еруінің белсенді кезеңі апатсыз өтуде. Жағдай тұрақты, су басу тіркелмеген, өзендердегі су деңгейі қауіпті белгілерден аспайды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша аймақта облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюктің басшылығымен құрамында ШҚО ТЖ департаменті, жұмылдыру дайындығы басқармасы және жергілікті атқарушы органдар өкілдері бар комиссия құрылды.

Тексерушілер су тасқыны қаупі бар учаскелерді инспекциялауды жүргізеді. Бірінші инспекцияға Глубокое ауданының елді мекендері: Белоусовка, Алтайский, Предгорное және Прогресс ауылдары тартылды. Сонымен қатар, Шемонаиха ауданы (Шемонаиха, Выдриха, Верх-Уба, Убинка) бақылау жүргізілді. Мониторингтен «Шығыс су қоймалары» КМК гидротехникалық құрылыстары өтті. Азаматтық қорғау органдарының ЖАО мотопомпалары, ЖЖМ қорының болуы, тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті құралдарды жеткізуге ниет-шарттары тексерілді. Айналып өту қорытындысы бойынша су тасқыны қаупі бар учаскелерде одан әрі іс-шаралар белгіленген.