• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Жетісу еріктілері мұқтаж жандарға көмек беруге жұмылуда

488 рет
көрсетілді

Жетісу жастарынан құралған еріктілер тобы да төтенше жағдайда жұмыс істеуге көшті. Қазір облыстағы 17 аудан мен 3 қалада қайырымдылық шаралары тотқтаусыз жүріп жатыр. Жастар бүгінге дейін 520 арнайы акция ұйымдастырып үлгерген.

Еріктілер негізінен елді мекендегі ғимараттар мен адам көп жүретін көшелерді дезинфекция жасауға қол ұшын беріп, мұқтаж отбасыларға азық-түлік тасымалдау, медициналық антисептик, жеке гигиеналық заттар және маскамен қамтамасыз етумен де айналысуда.

Сондай-ақ «Мейірімді Жетісу» еріктілердің фронт-кеңсесінде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі іске қосылған. Тұрғындар орталыққа әлеуметтік желі және телефон арқылы өз өтінішін айтып, көмек сұрай алады. Бүгінге дейін 117 адам фронт-кеңсені әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы көмек сұраса, 78 адам жедел желіге қоңырау соққан екен.

- Бүгінге дейін еріктілердің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, жалпы 357 отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Облыстағы 1300 волонтердің атсалысуымен 3000 маска тігіліп, тұрғындарға таратылды. Үйден шығып, азық-түлік алуға мүмкіндігі жоқ тұрғындарға көмек ретінде жеткізіп беру қызметіне автоеріктілер тартылды, - дейді Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Жомарт Қаратас.