• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Пандемияның ауыр шеңгелі еліміздің батыс өңіріне де ауыз сала бастады

1675 рет
көрсетілді

2019 жылы 22 наурыз күні түс мезгілінде мұнда коронавирус дертін жұқтырған адам тіркелді. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің баспаспөз қызметі хабарлады.

Қазіргі қолда бар дерекке қарағанда Ресей астанасы Мәскеуден Ақтөбе қаласына ұшып келген жолаушы Қазақстан азаматы болып отыр. Бұл жөнінде Egemen.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев былай деп хабарлады.

- Індет жұқтырған азамат ұшақ трапынан түсірілгеннен кейін шұғыл арнайы әзірленген орынға жеткізіліп оқшауланды. Қазіргі сәтте науқасқа қажетті барлық емдом шаралары жүргізілуде, - деді ол.