Әлемнің бокстан WBA версиясы бойынша чемпионы Геннадий Головкин туған қаласында өтетін Шахтерлер күнін тойлау үшін жұма күні Қазақстан жеріне қадам басты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Аты әлемге әйгілі боксшы Астана әуежайына Франкфурттан жергілікті уақыт бойынша сағат 5:45-те келді. Спортшы Астанадан туған қаласы Қарағандыға кетті. Г.Головкиннің айтуынша, ол Қазақстанда екі аптадай болады. Осы уақыт бойы ол өз отбасымен бірге болуды және Шахтерлер күніне байланысты шараларға қатысуды көздеп отыр. Шахтерлер күні жексенбі, 25 тамызда аталып өтеді. «Менің әкем – шахтер, сондықтан мен отбасылық мерекеге келдім десе де болады», - деді спортшы.
Дамир Қожамқұл.