• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

13 мыңнан астам семейлік көп рет қолданылатын маскаларды тегін алды

205 рет
көрсетілді

Семейде вирустар мен инфекциялардан қорғаудың жеке құралдары соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге және көп балалы отбасыларға тегін таратыла бастады. Еріктілер 13 мыңнан астам адамға көп реттік қорғаныс құралдарын жеткізіп берді. Олардың ішінде 213 жетім бала, 9972 мүгедек, 2635 тыл еңбеккері және 270 соғыс ардагері бар.

- Мемлекет басшысы коронавирустың пандемиясы салдарынан елде төтенше жағдай жариялады. Еріктілер әлеуметтік жағынан осал азаматтарға маскалар жеткізді, - деді Семей Жастар ресурстық орталығының өкілі Асхат Асқаров.   Оның айтуынша, қала тұрғындарымен алдын алу әңгімелері өткізілуде. Жақында маскалар белгіленген баға бойынша - 170 теңгеден еркін сатылымға түседі. Алдымен оларды Қазпошта бөлімшелерінде зейнеткерлер сатып ала алады, бірақ бір адамға төрт данадан беріледі.