Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелмеген. Басқарма жүргізген мониторингке сәйкес, облыста ағымдағы жылғы 23 наурыз күнгі жағдай бойынша Италия сынды 1A санатындағы елдерден келген 3 азамат карантиндік стационарға оқшауланса, 1Б санатындағы елдерден келген 17 азамат үй карантиніне оқшауланған. Ал, Филиппин, Катар, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Таиланд, АҚШ сияқты 2-санаттағы елдерден келген 18 азамат медициналық бақылауға қоңырау шалу арқылы алынған.
«Шет елден келген тұлғамен қатынаста болған 1 тұлға инфекциялық стационарға жіті респираторлық вирустық инфекциясының белгілері болуына байланысты жатқызылды. Коронавирустық инфекцияға қан талдауының нәтижесі теріс. Келген тұлғалар үшін карантиндік стационарда 7 адам қалуда. Коронавирустық инфекциясымен ауырған науқаспен байланыста болғандарға арналған карантиндік стационарда 17 адам. Барлығы 25 тұлға, олардың денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.
Сонымен қатар үй карантинінде барлығы 56 тұлға болса, оның ішінде 1Б категориялы елдерден келген 32 тұлға бар. Коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған тұлғалармен қатынаста болған 24 азамат бақылауда тұр екен.
Жамбыл облысы