• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2013

АҚШ әскерлері Сирияға кез келген уақытта шабуыл жасауға дайын

310 рет
көрсетілді

АҚШ әскерлері Сирияға қарсы ұрыс қимылдарын кез келген уақытта бастапк етуге дайын тұр. Бұл туралы бүгін Пентагонның басшысы Чак Хейгел мәлімдеді.

Америка әскери ведомоствосының басшысы әскери араласушылықтың тек президент Барак Обаманың бұйрығынан кейін ғана жүзеге асырылатынын айтты. Алайда, Хейгел АҚШ президентінің осыған байланысты нақтылы қандай шешімі болуы мүмкін екенін айтудан бас тартты.

Хейгелдің сөзіне қарағанда, ол Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бір апталық турнесін қазір ғана аяқтағанына қарамастан, Вашингтонмен Сирия жөніндегі байланысы үзілмегенін жеткізді.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар