Ақтау қаласындағы №69 колонияға сотталғандар арасында туып кетуі ықтимал бүліктің алдын алу мақсатында әскер енгізілді. Бұл туралы «Новости.Mail.Ru» сайтының тілшісі хабарлады.
«Сотталғандардың шамамен 60-қа жуық туған-туыстары колонияның қақпасы алдында түнгі сағат 2-нің кезінде жиналды. Бұларды бұған жабық мекемеден шалынған көптеген қоңыраулар алып келген», - деп мәлімдейді тілші.
Туыстардың бірінің сөзіне қарағанда, Жаңаөзеннен екі КамАЗ көлігімен ішкі істер әскери қызметкерлері жеткізілген. Олар колонияда отырғандардың қолдарында тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексермек екен.
Мұндай тексерулер колонияда жиі өтіп тұрады, бірақ ол сотталғандар арасында әр жолы осындай үлкен қарсылыққа тап болады.
Ал колония әкімшілігінің қызметкерлері мекемеде қалыптасып отырған жағдай жайлы ақпарат беруден бас тартқан. Сотталғандардың туыстары колонияда әзірге бәрі тыныш екенін айтады.
Алайда, мұнда әскер қызметкерлердің әкелінген дерегін жоққа шығару мүмкін емес. «Ішкі істер әскерінің жауынгерлері колониядан бронды желетпен шығып, КамАЗ-дарға отырды», - деп жазады бұдан әрі тілші.
Сұлтан Бозайғыр.