• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2020

Алматы облысы: төтенше жағдай тәртібін бұзған 4 адам 5 тәулікке қамалды

219 рет
көрсетілді

Алматының толықтай оқшаулануына байланысты қаладан шығатын жолдар жабық. Қазір полиция мен әскер бөлімдері мегаполистің төрт құбыласын толықтай бақылауға алған. Әсіресе, қала іргесіндегі аудандардан шығатын ішкі жолдарға күзет күшейтілді.

Бірақ, ескерту мен тиымға қарамастан қалаға заңсыз жолмен кіруге әрекет жасаушылар қатары азаймай тұр. Соңғы 4 күн ішінде облыс аумағындағы тосқауыл бекеттерін айналып өтуге тырысқан азаматтар 5 тәулікке қамаққа алынды. Мысалы, төрт азамат Алматы қаласымен шекарадағы тосқауылбекеттерін заңсыз айналып өтуге әрекет еткен.

- 1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны төтенше жағдай тәртібін бұзып, Алматы қаласының аумағына «Ақсай» өзені арқылы жасырын өтуге тырысқан. 1968 жылы туған Алматы облысының тұрғыны да осы жолмен карантин жарияланған аумаққа өтуге әрекеттенді. Тағы бір облыс тұрғыны Іле ауданының Әлмерек елді мекенінің маңындағы №22 тосқауыл бекеті жанында ұсталды. Төртінші құқық бұзушы, 2000 жылы дүниеге келген Қырғыз елінің азаматшасы болып шықты. Шетел азаматының жеке басын куәлендіретін ешқандай құжаттары жоқ екен. Қазіргі жағдайда аталған азаматтардың әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жазаланатын болады,- деп хабарлады журналистерге Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Данияр.

Ұсталған тәртіп бұзушыларға Әкімшіліқ кодекстің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Олар мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен 5 тәулік мерзімге қамауға алынды. Ал, Қырғыз елінің азаматы жеке басы туралы деректер анықталғанға дейін қамауға алынып, ол қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылған.