• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Наурыз, 2020

Батыс Қазақстанда 8 мейрамхана иесі қамауға алынды

1545 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар кезіндегі талаптарды орындамағаны үшін Батыс Қазақстан облысында 13 жеке кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалып, 8 адам қамауға алынды. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің қамауға алынғандардың барлығы да мейрамхана иелері.

- Төтенше жағдай тәртібін бұзған кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425, 430, 476, 478 баптары және 462 баптың 3 тармағы бойынша жауапкершілікке тартуға болады, бұл тізбе түпкілікті емес, - дейді Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков.

Бүгінге дейін жауапкершілікке тартылған 13 жеке кәсіпкердің бәріне де 476 бап – «Төтенше жағдай режимiн бұзу» айыбы тағылған. Олардың үшеуіне айыппұл салынса, 8-і қамауға алынған. Тағы екі кәсіпкердің ісі сотта қаралып жатыр.

Айта кетейік, төтенше жағдай режиміне байланысты көпшілік орындар, кафе-мейрамханалар түнгі 22.00. сағаттан кейін қызмет көрсетуін тоқтатуы тиіс. Бұл талаптың сақталуын құқық қорғау қызметкерлерімен қатар еріктілер де арнайы рейдтерге шығып бақылауда.

 

Батыс Қазақстан