• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Наурыз, 2020

Шығыс Қазақстан: Төтенше жағдай режимін бұзудың 7 фактісі тіркелді

335 рет
көрсетілді

Өскемендегі караоке клубы өз жұмысын 22:00-ден кейін де жалғастыра берген.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Өскемен мен Семей қалаларындағы екі мейрамхана жұмыс уақытын шектеуге қатысты талаптарды орындамаған. Тәртіп сақшылары кәсіп иелеріне әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдады. Наурыз мейрамында Өскемендегі караоке клубы өз жұмысын 22:00-ден кейін де жалғастыра берген. Оның иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ЖШС аумағында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбеген заңды тұлға жауапқа тартылды» делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Шығыс Қазақстан облысы