• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан жəне Алматыда қызметкерлер жұмыстан босатылуда

4065 рет
көрсетілді

«Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы төтенше жағдай кезінде бизнес өкілдері арасында арнайы сауалдама жүргізді. Оның нəтижесінде жұмыстан босатылған жəне қысқартылған қызметкерлер белгілі болды.

Сауалдама наурыздың 23 басталып, бір тәулікте 814 кәсіпкер қатысты. Олардың басым бөлігі карантинге жабылған Нұр-Сұлтан (22%) және Алматы (21%) қалаларының іскер азаматтары. Атап айтқанда, қатысқандардың 23%-ы туризм саласының өкілдері. Сол секілді 18% жеке қызмет көрсету, 13% білім беру жəне орналастыру мен тамақтандыру бойынша қызмет ұсынатын 98 кәсіпорын басшылары сұралған.

"814 кәсіпорында ұзын саны 14,2 мың қызметкер еңбек етеді. Сауалнама нәтижесі бойынша қызметкерлердің 40%-ы карантин кезеңіде еңбекасы сақталмайтын мерзімсіз демалысқа кетеді. 14% жұмыстан босатылады. Жұмыстан босату көрсеткіші Алматыда жоғары (562 адам немесе елдегі босатылғандардың 33%-ы).  Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы – 300 адам. Үшінші сатыда 147 адаммен Қарағанды шаһары жайғасқан. Сондай-ақ еңбекақысы сақталмайтын демалысқа шығарудан немесе шығаруды жоспарлап отырғандардың ішінде Алматы (31%), Нұр-Сұлтан (21%), Алматы облысы (9%) алғашқы қатарда" делінген палатаның ресми сайтында.

Əсіресе, туризм сегментінде жұмыстан босатылғандардың қарасы жоғары (356 адам) болады деп болжануда. Жағымсыз динамика орналастыру және тамақтандыру қызметінде 19% (320 адам) көрсетпек. Білім беру саласында 12% (199 адам). Ұлттық палата сарапшыларының пікірінше, жұмыстан босағандардың саны əлі өсе түседі. Жұмыс орындарын сақтауға байланысты кəсіпкерлер палатасы ұсыныс əзірлеген. Оның толық нұсқасы "Атамекен" ҰКП-ның ресми сайтында жарияланған.