Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, әл-Фараби алаңы, Орыс драма театрының маңайы және Арбат демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді.
Жалпы, қалада медицина мамандары коронавирустың алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеуде. Дәрігерлер қаладағы ХҚКО-ның 11 бөлімшесінде кезекшілікке түсіп, орталыққа келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қызмет талабына сай жүргізілуде.
Шаһардағы басқа да профилактикалық шаралар қатаңдатылған. Бүгін Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 санитарлық бекет қойылды. Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Мамандар әр көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексеруде. Ал Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан Шымкентке келген тұрғындарды дәрігерлер емханаға уақытша тіркеуге шақыруда. Шымкент