• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100-ден асты

2233 рет
көрсетілді

16:20-дағы жағдай бойынша елімізде вирус жұқтырғандар саны 109-ға жетті. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында - 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 109 науқас тіркелді.

Айта кетейік, кеше COVID-19 вирусын жұқтырған екі емделушінің жазылып, ауруханадан шығатынын хабарлаған едік.