• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2020

Түркістан: Жалған ақпарат тарату бабы бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған

263 рет
көрсетілді

Түркістан облысына Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да, қалалардан  келген азаматтарды, көліктерді тексеріп өткізу мақсатында  қойылған Түлкібас ауданындағы «Шақпақ»  және Кентау қаласы аумағындағы «Сауран» блок - посттары азаматтарды есепке алу жұмыстарын жүргізуде. Мысалы, бүгін яғни, бейсенбіде бұл бекеттерден 13296 автокөлік пен 35976 азамат тексеріліп өткізілген. 

Жалпы Түркістан облысының аумағында 112 ірі сауда орталығы, 103 базар, 33 автовокзал, 1 мега орталығы (Түркістан қаласында), оның   ішінде 1 кинотеатр, 1133 кафе-бар  орналасқан. Төтенше жағдайға байланысты ірі сауда орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге, базарлар 11:00-ден 17:00-ге дейінгі уақыт аралығында жұмыс атқаруда. Мега орталығындағы кинотеатр жұмысы тоқтатылса, 1133 кафе-барлар сағат 22.00-ден кейін жабылады. Бұдан бөлек,  облыс аумағында барлық елді мекендерде той-томалақ өткізген жағдайда қатаң жауапкершілікке тартылатыны жөнінде тұрғындарға ескертілген. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, заң талаптарын сақтамаған тұлғаларға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен 54 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған. 

Сондай-ақ, жыл басынан короновирусқа қатысты полиция департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған. Барлық қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Түркістан облысы