Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімі 5 мереке күн ішінде түнгі уақытта ересектерінсіз болған 10 кәмелетке толмаған баланы анықтап, жеткізді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Барлық жеткізілген кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарымен алдағы уақытта қайталанған құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша жеке түсіндірме әңгіме жүргізіліп, төтенше жағдай режимі түсіндірілді.
Ата-аналарға ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша ескерту түрінде әкімшілік іс ресімделген. Алайда бұл бұзушылық қайталанған жағдайда 7 АЕК дейін айыппұл түрінде шара қабылданып, есепке қойылатын болады.
Сонымен қатар, көрсетілген мерзімде Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБК 435 бабы бойынша 2 құқық бұзушы анықталды. Материал заңды өкілдерге ресімделіп, іс жүргізу шешімі қабылданатын әкімшілік сотқа шаралар қабылдау үшін жіберілді.
Полиция департаменті А. Фазылбек басшылығымен жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, халыққа буклеттер мен жаднамаларды түсіндіру және тарату бойынша белсенді іс-қимыл жүргізуде. Тұрғылықты жері бойынша 205 отбасы бар тұрмысы нашар отбасы тексерілді.
Маңғыстау облысы