• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Наурыз, 2020

«Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ»

489 рет
көрсетілді

Қарағандыда коронавирус жұқтырғандары расталған екі әйелдің Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен 18 наурыз күні Франциядан ұшып келген ұшақтың жолаушылары екендігі белгілі болды. Екеуі бір-біріне жақын туыс болып келетін олар «Сарыарқа» әуежайына қонған бетте ұшақта болған басқа жолаушылармен бірге карантинге жатқызылған екен.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев хабарлады.

Қазіргі уақытта науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық дейтін дәрежеде. Медициналық қызметкерлер санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын және қажетті хаттамаларды сақтауда.

Бүгінгі күні Қарағанды бойынша карантинде 314 адам тәулік бойы бақылауға алынған. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 152 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.

Бұған дейін Қарағандыда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам анықталған болатын. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

– Коронавирус жұқтырған төрт адам сырттан келді және олар бірден госпитальге жатқызылған болатын. Бүгінгі күнде Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ, – деп мәлімдеді бүгін тікелей эфирде Ержан Нұрлыбаев.

 

 

Қарағанды облысы