Жамбыл облысында тіркелген үшінші науқас 1996 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны. Елімізге 24 наурыз күні Қырғызстаннан келген. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Алгоритмге сәйкес ол карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша коронавирус инфекциясы анықталды.
Пациент инфекциялық стационарға жіберілген, оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуының жоғарылауы және коронавирустың басқа да белгілері байқалмайды. Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі.
Байланыста болған адамдардың қатары анықталып, карантинге алынды.