• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2020

175 тонна өнім ел аумағына кіргізілмеді

206 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан нарығына Ресей жəне Вьетнам елінен алып келінген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді.

24 ақпан мен 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей Федерациясы мен Вьетнам мемлекетінен жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз алып келудің жолын кесті.

Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 76 тоннадан астам картоп, 55 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс түрлерін, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүл және 600 дана гүл көшеттерін, сондай-ақ, Вьетнамнан 25 тоннаға жуық кешьюді жаңғағын фитосанитарлық сертификатсыз алып келгендігін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Кінәлі тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.