• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2020

«Еңбек» бағдарламасы – елдің нәпақасы

304 рет
көрсетілді

Елімізде «Еңбек» бағдарламасы, яғни, нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жобасы жалғасуда.

Ол негізінен үш бағытты қамтып отыр. Қазірге дейін бағдарламаның кәсіптік білім беру мен мамандарды қайта даярлау ісі мен шағын кәсіпкерлікті жаппай дамыту бағыты және тұрғындарды жұмыспен қамту аясы өз жемісін бере бастады. Мысалы, өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша Алматы облысында 25 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған екен. Оның ішінде 7500 адам қысқа мерзімде қайта даярлықтан өтіп, нәтижесінде 3 мың мамандық иесі жұмысқа тұрған. Ал кәсіпкерлікті дамыту бағытында 1100 адамға несие берілген.Осы мақсатқа облыстық және республикалық бюджеттен 15 миллиард теңге шамасында қаржы жұмсалыпты.

«Еңбек» бағдарламасын іске асыру биыл да жалғасын тауып отыр. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 9,9 миллиард теңге бөлінген.

- Бұл қаржыға тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағыты бойынша 4 мыңнан астам адам оқытылады. Ал кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауылдық жерлерге микрокредит беру, қалалардағы шағын несиелеу, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау сияқты жұмыстарға 5214,4 миллион теңге қаралған. . Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты, тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша да 2400,9 миллион теңге жұмсалмақ. Нәтижесінде 8 мыңнан астам жұмыспен қамтылады, - дейді  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Жақсыбаева.

 

Алматы облысы