• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2020

eGov.kz порталындағы карта әр сәт сайын жаңарып тұрады - Вице-министр

545 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев министрліктің арнайы өкілі Диас Ахметшәріпке берген сұхбатында айтты.

«Біз осы картаны Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып іске қостық. Жоба алдында әлемнің Қытай, Сингапур, Корея секілді 11 елдің тәжірибесін зерттедік. Ол елдер коронавирустың таралуын толығымен тоқтатып, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Оның бірінші себебі – аталған мемлекеттер азаматтардың ұялы телефондары арқылы қай жерде орналасқанын электронды түрде бақылау арқылы қол жеткізді. Халықтың қауіпсіздігі үшін біз осы тәжірибені елге енгіздік. Себебі коронавирус адамнан адамға ғана емес, ұстаған телефоны, есіктің тұтқасы немесе лифттің батырмасы арқылы тарай береді. Ағаш немесе цемент болсын – 24 сағатқа дейін сол жерде қала береді. Яғни сол картада көрсетілген үйге барсаңыз байқауыңыз керек», деді Олжас Әбішев.

Вице-министрдің айтуынша, карта әр сәт сайын жаңартылып,  үй тұрғындары карантиннен шыққан соң картадағы нүктелер автоматты түрде жойылады.

«Карта әр сағат сайын жаңарып тұрады. Бұл картаны жасауға 45 адам жұмылдырылды. Ал егер карантинде болған адам 14 күннен кейін карантиннен шықса картадағы нүкте автоматты түрде жойылып кетеді» деді Олжас Әбішев.