• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2020

Ақтауда 1 айда бейнекамералар арқылы 12 қылмыс ашылды

206 рет
көрсетілді

Көктем келісімен бейнекамералар арқылы 12 қылмыс пен 1800-ден астам құқық бұзушылық ашылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау қаласы аумағында қазіргі таңда 128 бейнебақылау камералар орнатылып, жұмыс жасауда. Қалалық полицияның Жедел басқару орталығының камералары қаланың жанданған көшелерін көрсетіп тұр, оның ішінде жол қиылыстар, аулалар, теңіз жағалау аймағы, қоғамдық орындар.

Ашылған қылмыстардың ішінде ұрлық деректері де бар.

Мәселен, Ақтау қаласы Полиция басқармасының ЖБО-на дәріханада тұрған садақа жәшігін белгісіз ер адам ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Камера арқылы қарау барысында суреттелген ер адамға ұқсас күдікті анықталды. ЖБО-ның нұсқауына сәйкес полицияның кешенді күші жасағымен күдікті тұлға ұсталды. Осындай және осыған ұқсас жағдайлар ЖБО қызметкерлерімен анықталады.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айтар болсақ, бейнебақылау камераларының қатысуымен ұсақ бұзақылық, алкоголь ішімдігін ішу немесе мас күйінде қоғамдық орында жүру, қоғамдық орындарда темекі тарту тыйымын бұзу, ЖЖЕ, т.с.с. деректер анықталады.

 

Маңғыстау облысы