• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2020

Түркістандық кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 10 миллион теңге бөлді

172 рет
көрсетілді

Бүгінгідей сын сәтте жомарттық танытып, індетке қарсы күреске септігін тигізіп жатқан кәсіпкерлер қатары арта түсуде. Түркістан облысындағы «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Сырым Ертаев Елбасы Үндеуін қолдап, «Біз біргеміз!» акциясы аясында өз қаражаты есебінен арнайы қорға 10 миллион теңге аударды.

 «Nur Otan» партиясының мүшесі, бұған дейін де бірнеше отбасыға үй салып беріп, қайырымдылығымен танылған кәсіпкер індетке қарсы күресте елге көмектесуді азаматтық, перзенттік парызы деп санайды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Үндеуінде кәсіпкерлерге маңызды ой тастады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз», деді. Ендеше әр азамат төтенше жағдайдағы ережені сақтап, ресми өкілдер мен дәрігерлердің ескертпелерін орындағаны жөн. Біз бірігіп, бұл қиындықты да жеңіп шығамыз», дейді Сырым Ертаев.

Түркістан облысы