• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2020

Қарағанды облысында екі адам суға батып кетті

182 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы Молодежный кентінен 40 шақырым жерде апатты оқиға болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі деартаменттің баспасөз қызметі.

Ішінде төрт адам бар автокөлік Қаныш Сәтбаев атындағы каналда келе жатқанында, мұз ойылып кетіп, су астына кеткен. Екі ер адам өз күшімен су бетіне аман  шыққанымен, қалған екеуін құтқарушылар бір күннен кейін өлі күйінде тауып алды.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент су айдындарындағы көктемгі мұз жамылғысының берік еместігін ескертіп, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Қарағанды облысы