Бүгін 27 наурыз күні Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының 47 жастағы тұрғыны (ер адам). Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Ол бүгін таңда Ыстамбұл – Ақтау бағыты бойынша Ақтауға ұшып келген. ОРВИ-діңбелгілері болуына байланысты анализдері алынып, бірден карантинге (арнайы боксқа) жатқызылды. Онымен бірге ұшып келген 74 адамның барлығыоқшауланып, карантинге алынды. Коронавирустыжұқтырған науқас Ақтау қаласыныңтұрғындарымен ешқандай қарым-қатынаста болғанжоқ. Тек борт серіктерімен және ұшқыштарменбайланыста болғаны белгілі. Олар да түгелкарантинге алынып, қатаң бақылауда. Қазіргіуақытта пациенттің жалпы жағдайы қалыпты, температурасы тиісті деңгейде. Ол өзін жақсысезінеді.